ҚР Президенттік мәдениет орталығында гуманитарлық және мәдени-ағарту саласында отандық және шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орнату мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасында тіркелген шет ел елшіліктері, БҰҰ-ның депозитарлық қоры, Британ Кеңесінің Ресурстар Орталығы, Ресейдің «Орыс әлемі» Қорының «Кітапханалық ақпараттық-анықтамалық орталығы», Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Түрік Халықаралық Ынтымақтастық және Даму Агенттігімен (ТІКА) жүзеге асқан жобаларды атауға болады.
Өзара ынтымақтастықта жұмыс жасаудың нәтижесінде көптеген мәдени-ағартушылық бағыттағы шаралар тұрақты өтіп тұрады.
БҰҰ Депозитарлық кітапханасы - 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл Орталық Азиядағы тұңғыш және жалғыз БҰҰ Депозитарлық кітапханасы болып табылады. Бірегей болып табылатын ақпараттық әлеуетпен оқырмандарды қамтамасыз ететін бұл кітапхана сонымен бірге БҰҰ Жүйесінің көп тілді Ресми Құжатына қол жеткізеді. Мұнда БҰҰ мен Еуропа бойынша Экономикалық комиссияға қатысты өзекті мәселелерге жауап табуға мүмкіндік беретін орыс, ағылшын және қазақ тілдерінде құжаттар бар. БҰҰ басылымдары әлем әдебиеті бөліміне үздіксіз түсіп отырады және бүгінгі таңда олардың саны 2000 данадан асып түседі.
Британ Кеңесінің Ресурстар Орталығы - 2006 жылы 2 наурызда әлем әдебиеті бөлімінде пайдаланушыларға қазіргі заманғы материалдар мен ресурстарға, соның ішінде британдық емтихандарға дайындау жөніндегі оқулықтарға, анықтамалық, әдістемелік және көркем әдебиеттерге, мультимедиалық ықшам дискілер мен аудиотаспаларға қол жеткізуге мүмкінідк беретін Британ Кеңесінің Ресурстар Орталығы ашылды.
Ресейдің «Орыс әлемі» Қорының «Кітапханалық ақпараттық-анықтамалық орталығы» - 2008 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы мәдениет, ғылым және білім беру саласындағы Келісім мен ҚР елордасы Астана қаласының 10 жылдығына орайластырылған Ресей Федерациясының «Русский мир» Қоры мен Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының арасындағы ынтымақтастық туралы Шарты аясында ашылды.
«Русский мир» Қоры 2027 бірлікті құрайтын кітап қорын, 375 бірлік медиатека мен Интернет-залын ұсынды. Басты мақсат – «Үштұғырлы тіл» атты қазақстандық мәдениет жобасын жүзеге асыру және орыс тілін оқып үйренушілерге көмек беру, көпұлтты Ресей мәдениетімен, қазіргі заманғы және классикалық орыс әдебиетінің туындыларымен таныстыру.
Түркия Республикасы Премьер-министрі жанындағы Түрік Халықаралық Ынтымақтастық және Даму Агенттігімен (ТІКА) әріптестік арқасында 2010 жылдың 20 наурыз күні исі түрк халықтарының тарихы мен мәдениететінен мол мағлұмат беретін және түрк елдері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, тегі бір, діні бір, бауырлас халықтардың өзара жақындай түсуіне ықпал ететін «Түрк әлемі» оқу залы ашылды.