Төртінші қабатта дүниежүзілік діндер – ислам және православие діндеріне арналған көрме қойылған.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының көпұлтты және көпдінді халқының тұтастығы мен бірлігін қалыптастырудағы Елбасымыздың ерен еңбегін жарқырата насихаттау.
Көрмеге ҚР ПМО музей қорынан алынған 100-ге жуық экспонат қойылған. Әсіресе, сирек кездесетін араб тілінде жазылған кітаптар – Құран-Кәрім және аса бағалы иконалар мен складеньдердің түпнұсқалары, кадило және шамдалдар қызығушылық тудырады.
Экспозицияда Қазақстан Республикасның Президенті Н. Назарбаевтың Астана қаласын салу жөнідегі идеялары айшықты бейнеленген. Елорда – Қазақстанның тәуелсіздігінің және мемлекеттілігінің символы.
Музей экспозициясы келесі бөлімдер арқылы көрсетілген:
● Бозоқ қаласының тарихы (Х-ХІІ ғғ.);
● Астана қаласының Отанымыздың елордасы ретінде қалыптасу сатыларын бейнелейтін тақырыптық экспозиция, Ақмола, Целиноград қаласына байланысты тарихи құжаттар, фотосуреттер, Қала өнеркәсбінің өнімдері (фарфор және қыш-құмыра жасау, Целинсельмаш зауыттарының) қойылған.
● Қаланың мемлекетіміздің астанасы ретінде қалыптасу тарихындағы жаңа бетін ашатын экспозицияда елорданы Ақмола қаласына көшіру туралы жарлықтар және Ақмоланы – Астана деген атауға ауыстыру туралы қаулылардың түпнұсқалары орын алған.